Қазақстандық синоптиктердің болжамына сәйкес, ертең, 2022 жылғы 25 наурызда еліміздің батыс өңірлерінде ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронталдық бөліктердің өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады — жауын-шашын күтіледі, елдің солтүстігінде және шығысында — көбінесе қар жауады, түнде оңтүстік-шығыста, күндіз республиканың солтүстігінде және шығысында – қар жауады, түнде оңтүстік-шығыста, күндіз республиканың оңтүстік-батысында – қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Тек еліміздің батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша жел күшейеді, тұман түседі, көктайғақ болады, солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста — жаяу бұрқасын болады, — деп хабарлайды Қазгидромет РМК.
Синоптиктер түнде Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде таулы, тау бөктері аудандарында тұман түсетінін, күндіз таулы асуларда жел 15-20 м/с дейін күшейеді деп болжап отыр.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, таулы аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады, таңертең және күндіз облыстың шығысында, таулы аудандарда жел 15-20 м/с күшейеді.
Түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады, солтүстік-шығыста жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда облысының солтүстігінде тұман күтіледі, күндіз облыс орталығында жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде — жаяу бұрқасын, көктайғақ, түнде солтүстікте, оңтүстікте — желдің күшеюі 15-20 м/с, күндіз — 15-20 м/с, екпіні 25 м/с жетеді.
Түнде Павлодар облысының шығысында, күндіз солтүстігінде — жаяу бұрқасын, көктайғақ, түнде шығыста, күндіз батыста, солтүстікте — жел 15-20 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында — жаяу боран, түнде батыста, солтүстік-шығыста, оңтүстікте — жел 15-20 м/с дейін күшейеді, екпіні 23 м/с жетеді.
Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде — тұман, көктайғақ, шығысында — жаяу бұрқасын, күндіз шығысында — жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола облысының солтүстігінде, батысында — жаяу бұрқасын, көктайғақ, солтүстігінде, шығысында — жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау облысының батысында тұман, батысында, оңтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Атырау облысының солтүстігінде және орталығында — тұман басады.