«Қазгидромет» РМК ақпаратына сәйкес, бүгін 2023 жылғы 9 қазанда Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.
Қазақстанның 11 өңірінде және Астанада дауылды ескерту жарияланды, онда 9 қазанда оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтілуде.
Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында 23-28 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Атырау облысының орталығында найзағай ойнайлы. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с жетеді. Облыстың орталығы мен солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады.
9 қазанда түнде Батыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр жауады, желдің күші 15-20 м/с жетеді. Ал Қостанай облысында түнде және таңертең оңтүстік пен шығыста тұман басады. Оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.