Қазақстан бойынша 2023 жылғы 6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда 2023 жылғы 6 қаңтар, жұма күні ел аумағының басым бөлігінде жауын-шашын болады деп күтілуде.

«ҚР аумағы әлі де терең Атлантикалық циклон мен атмосфералық фронталдық бөліктердің ықпалында болады, соған байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар), еліміздің шығысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын жауады. Республика бойынша жел күшейіп, көктайғақ, бұрқасын және тұман сақталады», — деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

Астанада көшпелі бұлт шығады, түнде және таңертең қар жауады. Тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан секундына 5-10 метр жылдамдықпен жел соғады. Түнде және күндіз ауа температурасы -1-3.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан секундына 2-7 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 0 шамасында, күндіз + 7 + 9.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз жауын-шашын жауады (көбінесе жаңбыр). Оңтүстік-батыстан секундына 8-13 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде + 1 + 3, күндіз + 6 + 8.

Күндіз Ақмола облысының солтүстігінде және шығысында, түнде барлық аумағында қар жауады. Күндіз және түнде -1-6 (солтүстікте және батыста -10).

Алматы облысында күндіз солтүстікте аздап қар жауады. Күндіз + 5 + 10, түнде -3 + 2.

Жетісу облысында күндіз солтүстікте және таулардың ортасында қар жауады. Күндіз + 4 + 9, түнде -1-6.

Түркістан облысында күндіз батыста және оңтүстікте жаңбыр мен қар жауады. Күндіз + 5 + 10 (солтүстікте + 2), түнде 0 + 5 (солтүстікте -3).

Батыс Қазақстан облысында жаңбыр жауып, қар жауады. Күндіз -1 + 4, түнде -3-8 (оңтүстік-батыста 0).

Атырау облысында күндіз жаңбыр жауып, қар жауады. Күндіз 0 + 5, түнде 0-5.

Түнде Маңғыстау облысының шығысында тұман басады. Күндіз +5 +10 (солтүстікте + 2), түнде 0 +5 (солтүстікте -3).

Ақтөбе облысында күндіз батыста және солтүстікте жаңбыр жауып, қар жауады. Күндіз -2 +3 (шығыста -5), түнде -5-10 (солтүстікте -13).

Қостанай облысында күндіз батыста, түнде оңтүстікте және шығыста қар жауады. Күндіз -10-15 (оңтүстікте -2-7), түнде -15-20 (солтүстікте -24, оңтүстікте -5-10).

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, түнде барлық аумағында қар жауады. Күндіз -12-17 (оңтүстік-шығыста -8), түнде -15-20 (оңтүстік-батыста -10).

Павлодар облысында жаңбыр жауып, қар жауады. Күндіз және түнде 0-5 (солтүстікте -10-15).

Күндіз Қарағанды облысының солтүстгінде және шығысында, түнде бүкіл аумақта жаңбыр мен қар жауады. Күндіз және түнде 0-5.

Ұлытау облысында батыста және солтүстікте жаңбыр жауып, қар жауады. Күндіз және түнде 0-5.

Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр жауып, қар жауады. Күндіз -3 + 2 (шығыста -8), түнде 0-5 (шығыста -10).

Абай облысында қар мен жаңбыр жауады. Күндіз -3 + 2 (шығыста -6), түнде 0-5 (шығыста -8).

Қызылорда облысында түнде солтүстікте қар мен жаңбыр жауады. Күндіз + 1 + 6, түнде -3 + 2.

Жамбыл облысында солтүстік және оңтүстікте күндіз жаңбыр жауып, қар жауады. Күндіз + 5 + 10, түнде + 1 + 6.

Добавить комментарий