Қазақстан бойынша 2023 жылғы 3 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер 2023 жылғы 3 шілдеде СҚО мен Абай облысында +35°С аптап ыстық болады деп болжап отыр.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, желдің күші 7-12 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде + 18… + 20 ° C, күндіз + 31… + 33 ° C болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел 2-7 жылдамдықпен соғады, екпіні 12 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы + 20… + 22 ° C, күндіз + 32… + 34 ° C болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, желдің күші 8-13 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде + 20… + 22 ° C, күндіз + 33… + 35 ° C болады.

Ақтауда жауын-шашынсыз, 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде + 18… + 20 ° C, күндіз + 27… + 29 ° C болады.

Ақтөбеде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, желдің күші 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде + 13… + 15 ° C, күндіз + 27… + 29 ° C болады. Облыстың солтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ жауады.

Атырауда күн ашық, жауын-шашынсыз, желдің күші 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде + 20… + 22 ° C, күндіз + 33… + 35 ° C болады.

Жезқазғанда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, күн күркірейді, желдің күші 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде + 18… + 20 ° C, күндіз + 28… + 30 ° C. Облыс бойынша жаңбыр жауады, батыста және оңтүстікте найзағай ойнайды, бұршақ жауады.

Қарағандыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, желдің күші 7-12 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде + 16… + 18 ° C, күндіз + 30… + 32 ° C болады. Облыстың батысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Көкшетауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде + 18… + 20 ° C, күндіз + 33… + 35 ° C болады. Облыстың батысы мен оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Қонаевта көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, желдің күші 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде + 20… + 22 ° C, күндіз + 34… + 36 ° C болады. Облыстың оңтүстігі мен таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Қостанайда күн бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, желдің күші 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде + 15… + 17 ° C, күндіз + 26… + 28 ° C болады. Облыстың батысы мен оңтүстігінде нөсер жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ жауады.

Қызылордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, желдің күші 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы + 20… + 22 ° C, күндіз + 33… + 35 ° C. Облыстың солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Павлодарда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, желдің күші 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде + 15… + 17 ° C, күндіз + 30… + 32 ° C болады.

Петропавлда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде + 17… + 19 ° C, күндіз + 32… + 34 ° C болады. Күндіз облыс бойынша + 30… + 35 ° C қатты ыстық болады.

Семейде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде + 10… + 12 ° C, күндіз + 28… + 30 ° C болады. Күндіз облыс бойынша + 35 ° C аптап ыстық болады.

Талдықорғанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде + 13… + 15 ° C, күндіз + 35… + 37 ° C.

Таразда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14 жылдамдықпен соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде + 21… + 23 ° C, күндіз + 33… + 35 ° C болады. Облыстың оңтүстігі мен таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Түркістанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, желдің күші 8-13 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде + 23… + 25 ° C, күндіз + 35… + 37 ° C. Облыстың таулы аудандарында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, солтүстікте шаңды дауыл тұрады.

Оралда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, желдің күші 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде + 15… + 17 ° C, күндіз + 27… + 29 ° C болады.

Өскеменде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде + 8… + 10 ° C, күндіз + 28… + 30 ° C болады.

 

Добавить комментарий