Метеорологтар бүгін, жұма, 2023 жылғы 3 наурызда Қазақстан бойынша ауа райы қандай болатынын жариялады.
3 наурызда Қазақстан бойынша барлық дерлік өңірде дауылды ескерту жарияланды
Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронталдық бөліктер атлант циклонның ықпалында болады, осыған байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар), елдің оңтүстігінде жаңбыр жауады, кей уақытта қатты жаңбыр жауады.
Тек елдің батысы ғана жоғары қысым алаңының ықпалында болады, соған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика аумағы бойынша жел күшейеді, солтүстікте, батыста, шығыста, орталықта — жаяу бұрқасын, көктайғақ, оңтүстікте, батыста, тұман орталығында, Түркістан облысында күндіз таулы аудандарда найзағай ойнайды.
Дауылды ескертулер
Астанадатүнде жаяу бұрқасын күтіледі. Көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.
Абай облысында жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар), жолдарда көктайғақ. Облыстың солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с.
Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, солтүстігінде, шығысында екпіні 23 м/с күтіледі.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстын батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Алматы облысының орталығында, оңтүстігінде батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар), жолдарда көктайғақ. Облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с.
Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с, таңертен және күндіз облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында кей уақытта 30 м/с және одан аса күтіледі.
Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, Алакөл көлдері ауданында кей уақыттарда 23-28 м/с.
Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Қарағанды облысының күндіз шығысында қатты қар күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында жая бұрқасын, көктайғақ, облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын болады. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Қызылорда облысының орталығында, шығысында көктайғақ, тұман күтіледі.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Таңертең облыстың солтүстік-шығысында тұман күтіледі.
Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (көбінесе қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 23-28 м/с.
Таңертең және күндіз Түркістан облысының тауларында қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз таулы аудандарда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, күндіз тау асуларында екпіні 23-28 м/с.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.