Қазақстанның сегіз облысында дауылды ескерту жарияланды.
Алматы облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыс желі, найзагай кезінде екпіні 15-20 м/с. Алматыда күндіз найзағай күтіледі. Конаевта күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыс желі, найзагай кезінде екпіні 15 м/с.
Қызылорда облысында жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың орталығында, солтүстігінде күші 15-20 м/с сақталады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Көкшетауда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Күндіз Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында, орталығында солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15 м/с күтіледі.
Күндіз Түркістан облысының солтүстігінде, тауларында найзағай, дауыл күтіледі. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде күші 15-20, күндіз таулы аудандарда екпіні 23 м/с. Түркістанда кей уақытта шаңды дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Қостанай облысының оңтүстік-шығысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-шығысында 15-20 м/с.
Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Шығыстан жел соғады, күші найзағай кезінде 18 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Петропавлда түнде және таңертең тұман күтіледі.