Қазақстан бойынша 2022 жылғы 24 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет 2022 жылғы 24 ақпанда Қазақстанда ауа райының қандай болатынын хабарлады.

«Ақ теңіз аудандарынан келетін циклон жырасы ҚР-ның солтүстік, орталық және шығыс өңірлеріне әсер етеді, осыған байланысты құбылмалы ауа райы сақталады — қар жауып, бұрқасын соғады, сондай-ақ көктайғақ болады. Еліміздің қалған өңірлерінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді», — деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Түнде және таңертең Ақмола облысының оңтүстігі мен батысында тұман түседі, таңертең және күндіз солтүстікте, батыста — жаяу бұрқасын, көктайғақ, жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 25 м/с жетеді, облыстың оңтүстігінде тұман түседі, солтүстік-шығысында, солтүстігінде, батысында — жаяу бұрқасын, көктайғақ болады.

Қостанай облысының солтүстік-батысында бұрқасын, көктайғақ, жел 15-20 м/с күшейеді, облыстың оңтүстігі мен шығысында тұман басады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде жаяу боран соғады.

Атырау облысының батысында, шығысында, Ақтөбе облысының шығысында, оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде, Павлодар, батысында, солтүстігінде, Қарағанды облысының шығысында, Қызылорда облысының солтүстігінде, түнде және таңертең солтүстігінде, Жамбыл облысының таулы аудандарында, Түркістан облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында, Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман басады.

Түнде Алматы облысының Жаланашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.

Добавить комментарий