Қазақстан бойынша 2022 жылғы 15 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер ертең, сейсенбі, 2022 жылғы 15 ақпанда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты.

Қазгидрометтің болжамынша, ертең елімізде қалың қар жауады, тұман, бұрқасын, қатты жел соғып, көктайғақ болады.

«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады: қар жауады, еліміздің солтүстігі мен шығысында қалың қар жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман басады, боран соғады, жел күшейеді, еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында көктайғақ болады», — деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Жамбыл облысының солтүстігі мен тау бөктері аудандарында тұман, көктайғақ, өңірдің оңтүстік-батысында және таулы аудандарда 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, түнде екпіні 23-28 м/с жетеді.

Павлодар облысында боран соғады, өңірдің солтүстігінде қатты боран соғады, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз батыста, оңтүстікте екпіні 23-28 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде боран соғады, жел 15-20 күшейеді, облыстың батысында екпіні 23-28 м/с жетеді деп күтілуде.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктері аудандарында тұман түседі, өңірдің солтүстігінде — көктайғақ, таулы аудандарда — жел 15-20 жылдамдықпен соғып, екпіні 23 м/с жетеді.

Ақмола облысында боран соғады, өңірдің солтүстігі мен батысында тұман түседі, түнде басым бөлігінде, күндіз шығыс жартысында жел 15-20 жылдамдықпен соғады, екпіні 23 м/с жетеді.

Алматы облысының солтүстігі мен таулы аудандарында жаяу бұрқасын, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында — тұман, көктайғақ, жолда — қар жауады, өңірдің солтүстігі мен шығысында — жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының солтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында тұман түсуі мүмкін.

Қостанай облысының солтүстігінде тұман түседі, өңірдің оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, оңтүстік-шығысында бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде Қарағанды облысының басым бөлігінде, күндіз — солтүстік және шығыста бұрқасын соғады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының оңтүстігінде тұман түседі, түнде солтүстікте, өңір орталығында жел 15-20 м/с күшейеді.

 

Добавить комментарий