Ағымдағы күнді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының қалалары мен облыстары үшін алдағы 3 күнге арналған күндіз және түндегі ауа райы болжамы.
Өңірлердегі нақты ауа райы Қазақстанның Ұлттық гидрометеорологиялық қызметі (Қазгидромет РМК) ұсынған ауа райы болжамының деректері ел аумағында басты дереккөздері болғандықтан неғұрлым нақты болып табылады.
2020 жылғы 1 желтоқсанға Қазақстан аумағы бойынша синоптикалық ахуал мен ауа райының маңызды құбылыстарының болжамы.
Фронталды бөліктердің әсерінен оңтүстік, оңтүстік-батыстың кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыст және республика орталығының кей жерлерінде аздап қар жауады.
Қазақстанның қалған аумағында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Республика бойынша кей жерлерде тұман, жау бұрқасын, көктайғақ, жел күшейеді деп күтіледі.
Түркістан облысының кей жерлерде тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады, жел 15-20 м/с күшейеді деп күтіледі.
Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түсіп, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз көктайғақ күтіледі.
Алматы облысында түнде және таңертең кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз Жаланашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді деп күтіледі.
Қызылорда, Маңғыстау, күндіз Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.
Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі.
«Қазгидромет» агенттігінің мәліметінше, Орал қаласында ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтіледі. Ауа температурасы күндіз -11, түнде -14 градус болады.
1 желтоқсан күндіз Атырауда 6 градус, түнде — 12 градус аяз болады.
Ақтауда қар жауады, күндіз +2 градус, түнде -4 градус болады.
Ақтөбеде күндіз 14 градус аяз болады деп болжануда. Түнде термометр бағаналары -20 градусқа дейін төмендейді.
Серіктестер жаңалықтары
Біз әрбір жазылушыны және оқырманды бағалаймыз, сондықтан түсініктеме беру кезінде ұсыныстармен мұқият танысуларыңызды сұраймыз.