Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған статистикаға сәйкес, өткен тәулікте елімізде коронавирустық пневмониямен ауырудың 364 жағдайы анықталды.
66 адам сауығып шықты деп хабарланды. Коронавирустық инфекция салдарынан қайтыс болғандар жоқ.
1 тамыздан бастап коронавирустық инфекция белгілері бар 31 532 пневмония оқиғасы тіркелді, 345 адам қайтыс болды, 26 805 адам сауығып шықты.
Коронавирустық инфекциядан өткен тәулікте 4 адам қайтыс болды. Тек коронавирустан болған өлім-жітім оқиғаларының саны 1 707-ге жетті. 3 524 адам емделуді жалғастыруда, оның ішінде стационарларда 1 868 пациент бар. 101 адам ауыр жағдайда, 14 адам өте ауыр жағдайда, 20 адам ӨЖЖ аппараттарына қосылған.
Елде коронавирус және пневмония оқиғаларының жалпы саны 138 982-ге жетті.
Өңірлер аясында емделіп шыққандардың:
Алматы қаласы — 29
Шымкент қаласы — 18
Ақтөбе облысы — 3
Атырау облысы — 1
Шығыс Қазақстан облысы — 22
Жамбыл облысы — 34
Батыс Қазақстан облысы — 43
Қостанай облысы — 2
Қызылорда облысы — 1
Павлодар облысы — 1
Түркістан облысы — 1
Қазақстанда емделіп шыққандардың барлығы- 102219.