Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады деп күтілуде

Гидрометеорологиялық орталықтың болжамынша, алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады деп күтілуде.

«Қар жауғаннан кейін Қазақстанға Солтүстік-Батыс антициклоны ығысады, онымен көбіне жауын-шашынсыз ауа райы және республиканың солтүстігінде ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Бірақ елдің батыс өңірлеріне Ресейдің Еуропалық аумағының аудандарынан жылы фронт әсер ететін болады, осыған байланысты бұл өңірлерде күндізгі уақытта ауа температурасының көтерілуі болжанады», — делінген хабарламада.

Еліміздің солтүстік аймақтарында ауа температурасы түнде 10-18, күндіз 7-15 аязға дейін төмендейді, еліміздің батысында күндіз термометр 0-5 жылуға дейін, ал оңтүстік-батыста 12 жылуға дейін, шығыста ауа температурасының түнде 15-23-тен 8-16 аязға дейін көтерілуі, күндіз 0-10 аяз, республиканың оңтүстігінде 0-10 аяздан 0-5 жылуға дейін, күндіз 0-10 жылудан 3-15 жылуға дейін көтерілуі, ал елдің оңтүстік-шығысында 7-18-ден 0-10-ға дейін аяз, күндіз 3-11-ден 3-ке дейін аяз, 7 жылу.

Добавить комментарий