Қазақстан билігі латын әліпбиіне көшу туралы тағы да сөз қозғады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев латын әліпбиінен кириллицаға көшу жауапкершілігін еске салды. Ол бұл тек әліпби жасау ғана емес, тілдің тұтас реформасы екенін еске салды.

Мемлекет басшысы кеңесте қаралған мәселелер бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру мәселесі бойынша кеңес өтті.

Кеңес барысында Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Мемлекет басшысына лингвист ғалымдар мен сарапшылардың жұмысы барысында әзірленген ұсыныстар туралы баяндады.

«Ақтоты Райымқұлова ғылыми тұрғыдан зерделенген әліпби жобасын ұсынды. Жетілдірілген әліпби халқымыздың жазу дәстүрінде орныққан «бір дыбыс – бір әріп» принципіне толық сәйкес келеді, диграфтар, яғни бір дыбысты екі немесе одан көп таңбамен белгілеу принципі қолданылмайды. Бұл әліпби жобасында қазақ тілінің 28 дыбысы толық қамтылған», — делінген Ақорданың сайтында.

Мемлекет басшысы кеңесте қаралған мәселелер бойынша бірқатар тапсырмалар берді. Атап айтқанда, Президент ғалымдармен бірлесіп әліпби жобасын пысықтау және оны ҚР Үкіметі жанындағы Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комиссияның кезекті отырысының қарауына енгізу қажеттігін атап өтті.

Осы комиссия жұмысының нәтижелері бойынша Үкімет жетілдірілген әліпбиді бекіту туралы Жарлықтың жобасын Президент Әкімшілігіне енгізуі тиіс.

«Жаңа әліпби бастамасы – бұл күрделі әрі шетін мәселе екенін ұмытпаған жөн. Жаңа графиканы енгізу бір күнде я болмаса, тіпті, бір жылда іске аса қоятын жұмыс емес. Әйтпесе, асығыстық бүкіл мәдениетімізге және тарихи болмысымызға зиян келтіруі мүмкін. Мәселе – кириллицадан латын әліпбиіне аударуда емес, бұл қазақ тілінің ауқымды реформасы деген сөз. Қаржы мәселесін де ескеруіміз керек. Латын әліпбиін енгізу жұмысы біртіндеп жүзеге асуы керек. Негізінде, бұл графика жас ұрпаққа арналған деп айтуға болады. Оның игілігін, ең алдымен, солар көруі керек. Сондықтан, бұл үрдіс жоспарлы түрде, біртіндеп іске асырылуы қажет,», — деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және спорт, білім және ғылым, ақпарат және қоғамдық даму министрліктеріне ғалымдарды, сарапшыларды және зиялы қауым өкілдерін тарта отырып, жаңа әліпби енгізу мәселелері бойынша халық арасында кешенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Добавить комментарий