Қазақстан билігі Ashyq жүйесін қайта енгізуді жоспарлауда

Қазақстан билігі коронавирус бойынша қызыл аймаққа енген өңірлерде Ashyq жүйесін қайта енгізуді жоспалап отыр.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният хабарлады.

«Бас санитарлық дәрігердің қолданыстағы қаулысы бойынша қызыл аймаққа енген өңірлерде Ashyq жүйесі қолданылады. Егер жағдай жақсарса, Ashyq қолдану бойынша біз өз ұсыныстарымызды ведомствоаралық комиссияға талқылау үшін ұсынамыз. Оған бизнес өкілдері де қатысады», — деді Ғиният жұма күні өткен брифингте.

Сонымен қатар, ол Ashyq жүйесі жақсы қырынан көрсеткенін атап өтті.

«Сот процесі жүріп жатыр (Ashyq бойынша — ҚазТАГ). Менің түсінуімше, әлі ешқандай шешім қабылданған жоқ. Жалпы, Ashyq өзін жақсы қырынан көрсетті. Эпидемия кезінде бизнес жұмыс істеу үшін санитарлық ережелер мен нормаларды сақтай алады, ол бизнеске және басқаларына жұмыс істеуге, оның ішінде осындай ауыр індеттер кезінде адамдарға табыс табуға мүмкіндік береді «, — деп атап өтті министр.

Добавить комментарий