2023 жылдың басынан бастап Башқұртстан Республикасы бойынша Россельхознадзор Қазақстанға экспорттау үшін 114 партия сүт өнімдерін тексерді.
Cүт өнімдерінің жалпы көлемі 647 тоннаны құрады. Хабарланғандай, сүт өнімдерінің барлық үлгілерін РФ мемлекеттік шекарасындағы және көліктегі ветеринарлық қадағалау бөлімінің мамандары іріктеп алып, «ВНИИЗЖ» башқұрт филиалында зертханалық зерттеулерден өтіп, ЕАЭО талаптарына сәйкес Кедендік Одақтың ветеринариялық сертификаттары берілді.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, соңғы жылы Қазақстанда сүт бағасы 32,9%-ға өсіп, 2011 жылдан бері рекордтық ең жоғарғы баға.