Қазақстан БАӘ-ден COVID-19-ға қарсы вакцина сатып алды

Қазақстан өз азаматтарын вакциналау үшін Біріккен Араб Әмірліктерінде өндірілген қытайлық вакцинаның миллион дозасын сатып алды.

Әңгіме Hayat-Vax атауымен лицензияланған Sinopharm-ның препараты туралы болып отыр.

«Самұрық-Қазына» АҚ Covid-19 вакцинасының 500 мың адамды вакцинациялауға мүмкіндік беретін 1 млн. дозасын сатып алуды қаржыландырды. Вакцинаны жеткізу Қор мен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі және «СК-Фармация» АҚ келісім шеңберінде қамтамасыз етіледі.

«СК-Фармациядан» хабарлағандай, бір дозаның құны 31,1 доллар, жалпы құны 31 100 000 доллар болады. Жеткізу кестесі: сәуір айында — 400 000 доза, мамыр айында — 600 000 доза.

Жоспар бойынша, «Самұрық-Қазына» компаниясының жұмысшыларына, яғни, өңірдегі ірі мұнай компанияларының қызметкерлеріне егіледі. Содан кейін онымен өңір тұрғындары қамтамасыз етіледі.

Добавить комментарий