Қазақстан азаматтарынан алынған сауалнама: Қазақстандықтардың 56%-ы COVID-19-ға қарсы екпені салдыруға дайын

Бизнес-ақпарат, әлеуметтік және маркетингтік зерттеулер орталығы BISAM Central Asia коронавирусқа қарсы вакцинаны салдыруға қанша қазақстандықтың дайын екенін анықтау үшін сауалнама жүргізді.

«Қазақстанда сауалнамаға қатысушылардың 56%-ынан вакциналауға дайын екендігін анықтады. Вакцина салдыруға қарсы болғандардың үлесі — 28%, ол планета бойынша орташа көрсеткішке жақын. 16%-ы жауап беруге қиналды. Алайда Қазақстанда сауалнама жүргізілген елдерге қарағанда жауап беруге қиналғандардың үлесі орташа көрсеткіштен анағұрлым жоғары», — делінген зерттеуде.

Gallup International қауымдастығы басқа елдерде жүргізген сауалнама көрсеткендей, 47 мемлекеттегі респонденттердің 67%-ы егер препарат қолжетімді, қауіпсіз және тиімді болса, коронавирусқа қарсы вакцинаны салдыруға дайын екендіктерін көрсетті.

«Сауалнамаға қатысушылардың 26%-ы ғана қарама-қарсы позицияны ұстанады. 7%-ы жауап беруге қиналды», — деп хабарлады мамандар.

Көбінесе Оңтүстік-Шығыс және Оңтүстік Азия елдерінің адамдары вакцина салдыруға дайын. Олардың ішінде: Вьетнам — 98%, Оңтүстік Корея — 88%, Таиланд — 87%, Үндістан — 85%, Малайзия — 84%.

Сондай-ақ, COVID-19-дан қатты зардап шеккен елдерде вакцина салдыртуға дайын болғандардың жоғары пайызы анықталды: Италия — 64%, АҚШ — 66%, Ұлыбритания — 74%.

«Посткеңестік кеңістіктегі сауалнама жүргізілген мемлекеттердің көпшілігі вакцина салдыруға Қазақстаннан қарағанда оң көзқарасты көрсетті. Тиісті көрсеткіш Украинада — 65%, Қырғызстанда — 66%, Әзірбайжанда — 67%, Грузияда — 74% «, — делінген зерттеуде.

Басқа елдерге қарағанда вакцинация жаппай сипатқа ие болған Ресейде екпе салдыруға келіспейтіндердің үлесі (46%) келіскендердің үлесінен (43%) асып түсті. Осындай көрсеткіштермен Ресей Солтүстік Македониямен қатар әлемнің ең пессимистік көзқарастағы елдерінің тізімін басқарды, деп атап өтті сарапшылар.

Добавить комментарий