Қазақстан азаматтары пандемия кезінде отандық телеарналарды жиі көре бастады

Бұл туралы «QAZAQSTAN» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Таңысбай Astana Media Week 2020-да сөйлеген сөзінде мәлім етті.

«Пандемия кезінде бізде де үлкен өзгерістер болды. «Қазақстан» корпорациясының құрамында бірнеше республикалық телеарналар, радиостанциялар, сондай-ақ өңірлік телеарналар бар. Карантин кезінде менеджер ретінде екі басты миссияны орындауға тура келді. Біріншісі — біздің қызметкерлеріміздің қауіпсіздігі. Өздеріңіз білетіндей, біздің үлкен ұжымымыз бар. Сондықтан біз мүмкіндігінше кейбір редакциялардың қызметкерлерін қашықтықтан жұмыс режиміне ауыртырдық, ал кейбіреулерін ауысымдарға бөлдік. Көптеген режиссерлер мен редакторлар онлайн режимде тәжірибе жинақтады», — деді Ләззат Таңысбай.

Алайда, корпорация басшысы атап өткендей, бұл барлық жұмысшыларға қатысты емес.

«Өйткені біздің алдымызда әрдайым көрермендерге тексерілген, нақты ақпаратты ұсыну, сондай-ақ оларды сапалы телевизиялық контентпен қамтамасыз ету міндеті тұр. Карантин кезінде тексерілген, шынайы және жедел ақпаратқа сұраныс артты. Сондықтан пандемия кезінде теледидар қызметкерлерінің рөлі артты. Мысалы, тек «Qazaqstan» телеарнасы ғана КВИ тақырыбына 200 ролик дайындап, эфирге шығарды», — деп толықтырды Ләззат Таңысбай.

Оның айтуынша, Қазақстанда пандемия кезінде отандық телеарналарды қарау 22%-ға артқан.

Добавить комментарий