Қазақстан аумағында жаңбыр жауады деп күтіледі: 27 қазанға аранлға ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады деп хабарлады.

Тек батыс, оңтүстік-шығыс өңірлері ғана жоғары қысымды өрістің ықпалында болады, осыған байланысты жауын-шашын болмайды деп күтіледі.

Солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта түнде және таңертең тұман түседі, облыстардың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, солтүстігінде, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында — жел күшейеді.

Сондай-ақ, сегіз өңірде дауылды ескерту жарияланды:

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігі мен батысында түнде және таңертең тұман түседі, түнде шығыста, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Павлодар облысының оңтүстігінде түнде көктайғақ болады, солтүстік-шығыста жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола облысының солтүстік-батысында түнде және таңертең тұман түседі.

Күндіз Түркістан облысының таулы асуларда 15-20 м/с жел соғады.

Ақтөбе облысының батысы мен орталығында түнде және таңертең тұман түседі.

Түнде Қостанай облысында солтүстігінде, Қарағанды облысының батысында — тұман түседі, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде — 15-20 м/с жел соғады.

Жамбыл облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарда тұман, көктайғақ, оңтүстік-батыста, солтүстік-батыста және таулы аудандарда жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады деп күтілуде.

Добавить комментарий