Қазақстан Ауғанстанға астық пен ұн жеткізудің қайта басталғанын хабарлады

Ауғанстанға астық пен ұн жеткізу саласындағы өзара қарым-қатынасты реттейтін келісімшарттар бойынша жұмыс жанданды.

Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифингте ҚР АШМ өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің директоры Азат Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Ауғанстан Қазақстанның астығы мен ұнын сатып алатын негізгі нарық, біздің стратегиялық серіктесіміз болып табылады. Соңғы саяси жағдайларға байланысты елге астық пен ұнды жөнелту тоқтап қалды. Қазіргі уақытта бизнес және тасымалдаушылардың ақпаратына сәйкес, төлем және астық вагондарын жеткізу мәселесі шешілді, сондықтан қазір жөнелту бойынша проблема жоқ, — деді Сұлтанов.

Сондай-ақ, ол жөнелтілетін өнімнің көлемін айтты.

Үкімет деңгейінде келіссөздер жүргізуге әлі ерте, дегенмен бизнес өзара ықпалдасып жатыр. Яғни, Қазақстан мен Ауғанстанның бизнес-серіктестері тұрақты қарым-қатынас орнатқан. Қазіргі уақытта Ауғанстанға отандық өнімдерді жөнелту өз деңгейінде жүріп жатыр. Нақты айтатын болсақ, қазіргі таңда 199 мың тонна ұн мен 33 мың тонна астық жөнелтілді. Яғни, негізінен ұн жөнелтеді, — деп түйіндеді Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі.

Добавить комментарий