Қазақстан: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Гидрометеорологиялық орталықтың хабарлауынша, алдағы үш күнде Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ыстық ауа райы болады.

Алдағы үш тәулікте, 22-24 мамыр аралығында республиканың барлық аумағы жоғары атмосфералық қысым әсерінде болып, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Тек Шығыс Қазақстан облысында, биіктіктегі жылғаның әсерінен 22 мамырда аздаған жауын-шашын мен түнде қатқақ сақталады.

Иран аудандарынан жылы және құрғақ ауа массалары белсенді жылжып, олармен бірге елімізде ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы, тіпті қатты ыстық күн райы күтіліп отыр. 24 мамырда күндіз сынап бағанасы 30-38 ыстықты көрсетеді, тек елдің оңтүстік-шығысында, шығысында, орталығында ауа температурасы 25-35 градусқа дейін ысиды.

Добавить комментарий