Қазақстанның Энергетика министрлігі әр түрлі елдердің технологияларын, олардың ішінде АҚШ, Оңтүстік Корея, Франция, Қытай және Ресейдің реакторлық технологияларын әлі күнге дейін зерттеліп жатқандықтан АЭС салу туралы шешім қабылдамағандарын мәлімдеді.
Хабарланғандай, Энергетика министрлігі жыл сайын орта және ұзақ мерзімді кезеңдерге арналған электр қуатының балансын бақылайды. Ұзақ мерзімді кезеңге арналған болжамды баланс цифрландыруға байланысты ғана өсетін электр энергиясы қуатының тапшылығын көрсетіп тұр. Сондықтан Энергетика министрлігі әртүрлі энергия көздерін пайдалана отырып, негізгі және икемді электр энергиясын өндіруді іске қосу нұсқаларын қарастырады.
«Тұтынудың жыл сайынғы өсімін және экологиялық талаптардың қатаңдығын ескере отырып, АЭС базалық жүктеменің орнын жабудың баламалы көздерінің бірі болып табылады. Министрлік АҚШ, Оңтүстік Корея, Франция, Қытай, Ресей және т.б. сияқты әлемдік жетекші өндірушілердің реакторлық технологияларын зерттеуде. Алайда қазіргі таңда Қазақстанда АЭС салу бойынша шешім қабылданбаған», — делінген хабарламада.
Ведомство АЭС салу туралы шешім қабылданар кезде, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдегендей, халықтың пікірі ескерілетінін айтты.
Тәуелсіз Қазақстан тарихында атом электр станциясының құрылысы бірнеше жылдан бері талқыланып келеді. Оның құрылысы туралы алғаш рет 1997 жылы айтыла бастады. Сол кезде Алматы облысының Үлкен ауылында АЭС салынады деп хабарланған болатын. Бірақ нақты шешім қабылдаған жоқ.
Екінші рет АЭС салу туралы мәселе 2000-шы жылдардың ортасында көтеріле бастады. Құрылыс орны болып Ақтау қаласы таңдалды, алайда шешім қабылданбады. 2016 жылы елімізде электр энергиясының артық болуына байланысты кем дегенде жеті жыл ішінде АЭС салынбайтыны белгілі болды.
2019 жылы Ресей президенті Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа ресейлік технология бойынша АЭС салуды ұсынды. Келесі күні Энергетика министрлігі Үлкен кенті алдын ала құрылыс орны болып белгіленгенін айтты. Жаңалық резонанс тудырды. Сол кезде Тоқаев «халықтың пікірі ескерілместен шешім қабылданбайтынын» айтты.
Осы уақыт ішінде Атом электр станциясы Беларусьте салынды.
2021 жылдың 10 ақпанында Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, “Росатом” мемлекеттік корпорациясы Қазақстанда атом электр станциясының құрылысын қолға алуға дайын екенін мәлімдеді.