Қазақстан: аяздың әлсіреуі күтіледі

Синоптиктер Қазақстанда аяз әлсірейдді деп болжап отыр.

Алдағы демалыс күндері Қазақстанда аяздың әлсіреуі күтіледі.

Синоптиктер Қазақстанда 20-22 қараша күндері ауа райы қандай болатынын айтты.

20-21 қарашада Солтүстік-Батыс суық антициклон, республиканың шығыс жартысына әсерін сақтайды, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Сонымен қатар, елдің батыс жартысы ауа райының тұрақсыз сипаты, күтілетін Атлантикалық циклонның әсерінде болады.

22 қарашада батыстан шығысқа қарай жылжып, Атлантикалық циклонның шұңқыры елдің көп бөлігін қамтиды, осыған байланысты жауын-шашын, қар, көктайғақ, екпінді жел түрінде, солтүстік жартысында бұрқасын күтіледі.

22 қарашада еліміздің басым бөлігінде қар жауып, көктайғақ болады, екпінді жел соғады, солтүстік жартысында боран соғады.

Батыста ауа температурасының негізгі фоны түнде 2 аяз–5 жылу, күндіз 0-10 жылу.  Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде түнде 6-16-дан 0-9-ға дейін аяз, күндіз 0-9-ға дейін аяз, республиканың шығысы мен орталығында түнде 18-28-ден 0-10-ға дейін аяз, күндіз 5-15-тен 5-ке дейін аяз, оңтүстік өңірлерде 5-15-тен 5-ке дейін аяз, күндіз 0-10-нан 5-15-ке дейін жылу болжанады, — деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Добавить комментарий