Қазақстан қай елдерге ет экспорттайды

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстан ет пен ет өнімдерін экспорттау көлемін 2021 жылы 60,1%-ға арттырды.

2021 жылдың қаңтар-шілде айларында шетелге 21,7 мың тонна ет жөнелтілді. Сатылған тауарлар $46,6 млн пайда әкелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 47,1%-ға көп.

Қазақстаннан еттің негізгі сатып алушысы Ресей болып отыр. Ресей $21,1 млн-ға 14,6 мың тонна сатып алды. Жеткізілімдер заттай мәнде үш есе, ал ақшалай мәнде 2,6 есеге өсті.

Қырғызстан $4,4 млн-ға 3,1 мың тонна, Өзбекстан — $11,2 млн-ға 3 мың тонна, Армения — $740,7 мың-ға 400 тонна сатып алды. БАӘ — $2,9 млн-ға 400 тонна, ал Беларусь — $93,6 мыңға 200 тонна.

Бұл ретте, Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, қаңтар-шілде айларында шетелге $46,4 млн болатын 21,5 мың тонна ет жөнелтілді.

16,2 мың тонна тауық еті ($25,7 млн) экспортталды. Ірі қара малдың тоңазытылған еті $13,1 млн-ға (3,5 мың тонна), ал мұздатылған еті $3,1 млн-ға (640,4 мың) сатылды.

Қой етінің экспорты $3,7 млн-ға 718,5 тонна, ал шошқа етінің экспорты $763,9 мың долларға 399,9 тоннаны құрады.

Бұдан басқа, шетелге 1,4 мың тонна ет өнімдері ($2,3 млн) жөнелтілді. Оның ішінде 830,2 тонна макарон өнімдері ($1,3 млн), 219,5 тонна ет консервілері ($698 мың), 143,9 тонна ірі қара мал еті экспортталды ($92,8 мың).

Добавить комментарий