Қазақстанға зығыр тұқымының импорты 9 есеге артты

Биыл Қазақстан Ресейден 29 мың тонна зығыр тұқымын импорттады. Бұл былтырғы көрсеткіштен тоғыз есе артық. Бұл туралы Астық сапасын бағалау федералдық орталығы хабарлады.

Ресей Федерациясынан зығыр тұқымын импорттау көлемі бойынша Қазақстан бесінші орынға шықты, ал бір жыл бұрын ҚР тоғызыншы орында болған. Ресейлік зығыр экспортының 3%-ы Қазақстанның үлесіне тиесілі.

Жалпы Ресей 975 елге 48 мың тонна зығыр тұқымын экспорттады, бұл рекордтық көрсеткіш. Бір жыл бұрын РФ шетелге 563 мың тонна сатқан. Ең үлкен көлем Қытайға кетті — 476 мың тонна — өткен маусыммен салыстырғанда 55%-ға артық. Екінші орында — Бельгия, 220 мың тонна экспортталды, 85%-артық. Түркияға 112 мың тонна кетті, өсім — 21 есе.

Айта кетейік, Қазақстан 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында зығыр тұқымының экспортын $201,1 млн-ға дейін 81,5%-ға ұлғайтты.

2020 жылы майлы зығыр тұқымының рекордтық түсімінен кейін — 1 млн 58,4 мың тонна, өткен маусымда құрғақшылық салдарынан ҚР-да 775,6 мың тонна жиналды. Бұл ретте зығыр бағасы күрт өсті: Қазақстанның ішкі нарығында зығыр 2021 жылғы наурызда $428 болса, 2022 жылғы наурызда $761-ге дейін қымбаттады. Еуропада бағасы аталған кезеңде тоннасына $515-тен $1035-ке дейін өсті.

 

Добавить комментарий