Қазақстанға заңсыз кірмек болған шетелдіктер ұсталды

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту әрекетінің жолы кесілді. Шетелдік азаматтар ресми өткізу пункттерін айналып өтіп, елге заңсыз кірмек болған.

Ведомство жариялаған ақпаратқа сәйкес, ҰҚК Шекара қызметі департаментінің Батыс Қазақстан облысындағы әскери қызметшілері шекараны бұзып кіру әрекеттің жолын кесті. Тоғыз шетелдік елімізге заңсыз өтпек болған.

Мақсаты мен бағыты

Алдын ала мәлімет бойынша, ұсталған шетелдіктер Еуроодақ елдеріне бет алған. Олар Қазақстанның мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтіп, жақсы өмір іздеген.

Жауапкершілік шарасы

Қауіпсіздік органдарының баспасөз қызметі ұсталған шетелдіктер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 514-бабы, 2-бөлігіне сәйкес жауапқа тартылатынын хабарлады. Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының соты тәртіп бұзушылардың ісін тыңдап, тиісті үкім шығарды.

Осы жылдың басынан бері Батыс Қазақстан облысының аумағында шекарадан өту тәртібін бұзғаны үшін 110 шетелдік азамат ұсталды.

Добавить комментарий