Қазақстанға Ватиканның мұрағаты қолжетімді болды

Қазақстанға Ватиканның Алтын Орданың шынайы тарихын қалпына келтіру үшін мұрағатты қолжетімді етті.

Қазақстан Алтын Орда тарихын жаңғырту үшін Ватиканның мұрағаттарына қол жеткізу туралы уағдаласты, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі.

«ҒҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты мен Ватикан Апостол мұрағаты және Ватикан Апостол кітапханасы арасында ғылыми және мәдени салаларда өзара іс-қимылды орнату мақсатында ниеттер туралы хатқа қол қойылды. Шығыстану институты Ватикан мұрағаттарынан Түркі әлемі мен Еуропаның өзара қарым-қатынасы туралы латын, ерте неміс және скандинав тілдеріндегі бұрын жарияланбаған дереккөздерді іздестіруге, сондай-ақ Алтын Орданың шынайы тарихын қалпына келтіру үшін мұрағат материалдарын зерделеуге ниетті», — делінген хабарламада.

ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қасиетті Тақ мемлекеттерімен қарым-қатынас жөніндегі хатшы, архиепископ Пол Ричард Галлахермен Ватиканда өткен кездесуде Қазақстан Республикасы мен мен Қасиетті Тақ арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай Сыртқы істер министрлерінің бірлескен мәлімдемесіне қол қойды.

Добавить комментарий