Қазақстанға ұшып келген жолаушылар үшін ПТР-тестілерге 34 миллион теңге жұмсалды

Еліміздің бас мемлекеттік дәрігері Ерлан Қиясов ОКҚ-да өткен онлайн-брифингте:

«Мен айтып өткенімдей, бүгінде шетелден келген 3 051 адам тестілеуден өтті. Бұл тестілеуге жұмсалатын шығындардың сомасы шамамен 34 миллион теңгені құрады. Бірақ, карантиндік шаралар енгізілгенге дейін бізге анықтамамен және анықтамасыз келген адамдардың арақатынасы шамамен 30 пайызға 70 атап өту керек. Яғни, 30 пайызы ғана анықтамалармен ұшып келген».

Оның айтуынша, қазір жолаушылар көбіне ПТР-тест нәтижесімен келеді.

«Бүгінде әуе қатынасы арқылы келетін шетелдіктер мен біздің азаматтарымыздың 80 пайызында ПТР-тесті нәтижелері қолында болады. Менің ойымша, бұл сан жалпы өсетін болады, өйткені адамдарға тестілеу нәтижелерімен келу әлдеқайда ыңғайлы», — деп түйіндеді Қиясов.

Анықтамалары жоқ барлық 190 авиажолаушы ПТР-талдауды тапсыру үшін келу қалаларындағы карантиндік стационарға орналастырылған.

Добавить комментарий