Базель менеджмент институтының жыл сайынғы рейтингіне сәйкес Қазақстан ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыру қарсы тәуелсіз рейтингте әлемнің 152 елді артқа тастап, 100-орында тұр. Сарапшылар бұл антирейтингте топ-5-ке Гаити, Чад, Мьянма, Конго Демократиялық Республикасы және Конго Республикасы кіргенін анықтады.
Қазақстан рейтингте Қытай, Түркия, БАӘ, Сербия, Болгария, Венгрия, Румыния, Катар, Бахрейн және Сауд Арабиясы секілді елдерден басып озды
Сараптамалық бағалау ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жүйелерінің кемшіліктері, сыбайлас жемқорлық пен парақорлық деңгейі, қаржылық ашықтық пен стандарттар, сондай-ақ саяси құқықтар мен заң үстемдігі деңгейі негізінде жүргізілді.