Қазақстан АҚШ-тан көмек ретінде $1 млн алады

Қазақстан АҚШ-тан гуманитарлық көмек ретінде вирустық үлгілерді тасымалдауға арналған 500 мың құралдар пен Cepheid SARS-COV-2 сынамаларына арналған картридждер алады.Бұл қолдау шеңберінде Қазақстанда USAID арқылы жіберіледі.

Қазақстан Үкіметі қабылдайтын COVID-19 пандемиясына қарсы күрес шараларын қолдау үшін қажетті зертханалық жабдықтар мен материалдарды сатып алу туралы хабарланды.

Бұл материалдар USAID «Жергілікті денсаулық сақтау жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету» жобасы шеңберінде берілді. Материалдарды жеткізудің осы екінші кезеңі 1,113,907 доллар сомасында бағаланады және Қазақстандағы COVID-19 төтенше жауап беру шаралары да, пандемияға ұзақ мерзімді әзірлікті іске асыру мүмкіндіктері де қолдайтын болады. Аталған мамандандырылған зертханалық жабдықтардың арқасында Денсаулық сақтау министрлігі COVID-19-ті тез анықтау, сондай-ақ келешектегі, әлі белгісіз індеттерге дайындықты қамтамасыз ету мақсатында неғұрлым қуатты әлеуетке ие болады. Індет жағдайында COVID-19 сияқты жұқпалы аурулардың халық арасында таралуының баяулауы және тоқтауы қысқа уақыт аралығында анық диагностикалық тесттерді өткізу мүмкіндігіне байланысты, — деп хабарлады АҚШ-тың Қазақстандағы консулдығы.

Бұл тесттер мен материалдар Қазақстан үкіметінің дәл тестілеуді өткізу, сондай-ақ COVID-19 сияқты вирустық қатерлерді анықтауға, зерттеуге және түсінуге қабілеттілігін кеңейтеді.

Бұл қолдау шеңберінде вирустық үлгілерді тасымалдау үшін 50 000-ден астам құралдарды, сондай-ақ вирустарға тестілеу және ауру жағдайларын тез анықтау бойынша денсаулық сақтаудың ағымдағы күш-жігерін қолдау үшін Cepheid SARS-COV-2 картридждерін жеткізуді қамтиды.

Қазақстан үкіметі USAID-пен серіктестікте жобаны қолдау үшін басым бағыттарды белгіледі және қажетті зертханалық материалдарды сатып алуды жалғастырады. 700 000 АҚШ долларынан астам сомаға алынған қосымша зертханалық материалдар 2020 жылдың қараша айында жеткізіледі деп күтілуде. USAID Қазақстанның дайындық және әрекет ету бойынша Ұлттық стратегиялық жоспарын қолдап жатқандықтан, қосымша сатып алулар іске асырылды.

АҚШ Үкіметі Қазақстандағы COVID-19 қарсы күресте жәрдем көрсету үшін 5,7 миллион доллардан астам қаржы бөлді. Бұл жәрдем Қазақстандағы денсаулық сақтау жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етудің қазіргі стратегияларына сүйене отырып, эпидемияны алдын алуға, анықтауға және олар бойынша жауап шараларын қабылдауға шұғыл қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталатын болады.

Добавить комментарий