Қазақстан АҚШ-пен арадағы ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті

Бұл туралы АҚШ сауда өкілі Кэтрин Тай мен еліміздің сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановпен болған сауда келіссөздері барысында айтылды.

Атап айтқанда, цифрлық сауда және ауыл шаруашылығы стандарттары мәселелері талқыланды.

АҚШ-тың сауда өкілі Кэтрин Тай мен Қазақстанның сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Вашингтонда өткен кездесуде қос ел арасындағы экономикалық қарым-қатынасты нығайтуға күш салатынын мәлімдеді.

«Олар АҚШ пен Қазақстан арасындағы экономикалық қарым-қатынастарды нығайтуға ниеттерін білдіріп, қызметкерлердің құқықтары, цифрлық сауда, ауыл шаруашылығы стандарттары және саудаға жәрдемдесу сияқты ортақ қызығушылық тудыратын негізгі салаларды талқылады», — делінген Тай аппараты дүйсенбі күні таратқан баспасөз хабарламасында.

АҚШ-тың сауда өкілі «қос елдегі экономикалық қауіпсіздік пен қызметкерлердің әл-ауқатын арттыратын инклюзивті, сауда саясаты қызметкерлеріне бағытталған көзқарасын білдірді», сондай-ақ Вашингтон әкімшілігінің «АҚШ-тың Орталық Азиямен сауда қатынастарын тереңдетуге» бейілділігін атап өтті. Сонымен қатар, Тай Қазақстанға Дүниежүзілік сауда ұйымының алдағы министрлік конференциясына төрағалық еткені үшін алғысын білдірді.

Добавить комментарий