Қазақстанға РФ президенті Владимир Путин келді

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин бүгін Астанаға ұшып келді.

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аса мәртебелі қонақты елорда әуежайында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қарсы алды.

Владимир Путин Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне қатысады. 11 мемлекет басшысы бас қосатын саммит АӨСШК құру туралы бастаманың 30 жылдығына орайластырылып отыр.

Сонымен қатар РФ Президенті ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына және «Орталық Азия – Ресей» саммитіне қатысады деп күтілуде.

Добавить комментарий