Қазір әлемде «гибридті соғыс» деген ұғым бар. Аталған термин бір мемлекеттің екіншісіне қатысты дұшпандық әрекеттерін білдіреді, ол баспа және бұқаралық ақпарат құралдары, кибершабуыл және т.б. арқылы насихаттаумен жүзеге асырылады. «Сондай-ақ, үкімет мемлекеттік үгіт-насихаттың көмегімен халықтың пікіріне ықпал ете алады. Ресей үкіметі осы мәселеде еркін сезінеді және ресейліктерге өзіне тиімді болатын ақпаратты таратады. Мәселен, Ресейдің үгіт-насихат жұмысы халыққа кімнің дұшпан, кімнің дос екенін қабылдауға өте тиімді әсер етеді. «Левада-орталық» сауалнамасының нәтижелеріне сүйене отырып, осындай қорытынды жасауға болады», — деп жазады батыстық сарапшылар.
Олардың пікірінше, Ресей мен Қазақстанның қарым-қатынасы бұлыңғыр. «Нұр-Сұлтанның батыс елдерімен тығыз қарым-қатынас орнатып, Ресейден алшақтап, соның салдарынан ықпалы төмендегені Ресей үкіметінің шамына тиеді. Осыған байланысты ресейлік БАҚ-та Қазақстанға қарсы ақпараттық шабуылдар жиілеп кетті.
Осылайша, Мәскеу көршілес елге ықпалын сақтап қалып, оның толық егеменді болуына жол бермеуге тырысып жатыр. Жалған ақпарат тарату үшін әртүрлі тақырыпты пайдаланады. Бірінші кезекте ресейлік БАҚ беттерінде ҚР-дағы русофобоия және орыс тіліне қысым жасалып жатқаны туралы мәселе көтерілуде. Бұл қос ел арасындағы сенімге нұқсан келтіріп, өзара қарым-қатынастағы сенімсіздікті күшейтеді», — деп жазады батыстық саясаткерлер.
Бірқатар қоғам қайраткерлері Қазақстан үкіметінің Сбер ресейлік компаниясымен ынтымақтастығына қатысты билікті сынға алды.
Естеріңізге сала кетейік! Қыркүйек айының басында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин мен Ресейдің Сбер корпорациясының басшысы Герман Греф ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, әңгіме мемлекеттік қызмет көрсетудің онлайн-жүйесін Сбер платформасына көшіру туралы болып отыр.
Көптеген сарапшылар бұл келісімді сынға алып, Қазақстан үшін бұл бірқатар проблемаларға душар етеді деп мәлімдеді. Мұндай жоба қауіп-қатерді арттырады, оның ішінде «цифрлық еркіндікке» балта шабады. Сондай-ақ, қазақстандық АТ компаниялары президенттен электрондық үкіметті Сбер платформасына көшірмеуді сұрады.