Қазақстанға келген 276 азамат карантинге жатқызылды

17 қазанда түнде елге 16 әуе рейсі келгені белгілі. Онда жалпы 1 527 жолаушы болған, Оларда жалпы 1 527 жолаушы болған, оның ішінде анықтамасы бар — 1251, анықтамасы жоқ — 276.

Оның ішінде:

— Нұр-Сұлтанда алты рейс, 656 жолаушы, анықтамасы бар — 528, анықтамасы жоқ — 128;
— Алматыда — тоғыз рейс, 764 жолаушы, 622 анықтамасы бар — 622, анықтамасы жоқ-142;
— Ақтауда — бір рейс, 107 жолаушы, анықтамасы бар — 101, анықтамасы жоқ — алты.

«Қазақстан азаматтарының 82 пайызы анықтамалармен келген. Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары ПТР-тестінен өту үшін екі күндік карантинге жатқызылды», — деді көліктегі бас санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабұлов.

Бұған дейін хабарланғандай, өткен тәулікте (16 қазандағы мәлімет бойынша) Қазақстанда коронавирустық инфекциямен сырқаттанудың 100 жаңа жағдайы тіркелген. Ал 17 қазандағы мәлімет бойынша, елімізде коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның тағы 158 оқиғасы анықталған.

1 тамыздан бері тіркелгендердің барлығы: сырқаттанғандар — 35 717, өлім жағдайлары — 380, емделіп шыққандар — 28 165.

Добавить комментарий