«Росатом Орталық Азия» ЖШС Бас директоры Сергей Громов Қазақстанға әлемдегі ең қауіпсіз деп саналатын атом электр стансасының (АЭС) екі блогын салуды ұсынды. Оның айтуынша, бұл жалпы қуаттылығы 2,4 мың МВт үш буынды (3+) АЭС.
Ұсынылып отырған АЭС Қазақстанның электр энергиясына деген қажеттілігінің 20%-ын өтейді. Бұл елдің энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етуге және технологиялық дамуды қолдаудағы маңызды қадам болады.
Громов «Атом энергетикасы – энергетикалық тәуелсіздік пен технологиялық дамудың негізі» атты дөңгелек үстелде жобаны таныстыра отырып, ұсынылған АЭС олардың қауіпсіздігін ескере отырып, Қазақстан үшін тұрақты электр энергиясының маңызды көзі бола алатынын атап өтті.