Ресей Қазақстанға ғарыш саласының мүліктерді өтеусіз негізде берілді. Олардың барлығы мемлекет меншігіне берілді.
Тиісті қаулыға республика премьер-министрі Әлихан Смайылов қол қойды.
«Осы қаулыға қосымшаға сәйкес мүлік Ресей Федерациясының федералдық меншігінен республикалық меншікке өтеусіз негізде қабылдансын», — делінген қаулыда.
Ресей беретін мүлік тізімінде11Ф647М «Экран-М» ғарыш аппараты (зауыттық нөмірі 79432117), оның құрамдас және жинақтаушы бөліктері; 11Ф639.М0000-0-01 құрастыру-қорғау блогы (зауыттық нөмірі 53781711), оның жинақтаушы элементтері және қосалқы құрал-саймандары мен құрылғылары; 11Н6110 объектілерді сынау жүйесі, 8Г012М1 жүйесі және 8Г013Э1 жүйесі.