АҚШ делегациясы Қазақстанға және Орталық Азияның басқа да елдеріне барады. Сапардың мақсаты — Вашингтонның аталған өңірлермен қарым-қатынасын нығайту.
Қазақстанда делегация мүшелері жоғары лауазымды шенеуніктермен және азаматтық қоғам өкілдерімен кездеседі.
АҚШ мемлекеттік департаментінің хабарлауынша, 23-27 мамырда АҚШ әкімшілігінің делегациясы өңірмен байланысты нығайту үшін Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстанға барады.
Делегацияны мемлекеттік хатшының Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі көмекшісі Дональд Лу басқарады.
Қазақстанда делегация Қазақстандағы реформаларды, сондай-ақ адам құқықтарын қорғауды күшейту, оның ішінде әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейтуді талқылау үшін жоғары лауазымды шенеуніктермен және азаматтық қоғам өкілдерімен кездеседі.
Мемлекеттік департаменттің хабарлауынша, сапардың мақсаты — «өзара байланысты, гүлденген және қауіпсіз Орталық Азияны құру бойынша бірлескен күш-жігерді ілгерілету».