Бүгін Қазақстаның басым аумағында құбылмалы ауа райы сақталады — жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.
Республиканың оңтүстік-батысында ғана антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады, бұрқасын соғады, жел 15-20 м/с күшейеді, республиканың солтүстік-батысы мен солтүстігінде екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, түнде көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, екпіні 23-28 м/с жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, жел түнде 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
Павлодар облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, түнде жел 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с күшейеді, екпіні 23 м/с жетеді.
Қарағанды облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз екпіні 23 м/с жетеді.
Ақмола, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Ақмола облысында екпіні 25 м/с жетеді.
Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Түркістан облысының түнде кей жерлерінде тұман түседі, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз көктайғақ күтіледі.
Атырау облысының күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысында түнде кей жерлерде тұман күтіледі.
Алматы: күндіз 8°С, бұлтты.
Нұр-Сұлтан: күндіз -5°С, бұлтты, қар жауады.