Қазақстан 523 млрд теңге көлемінде активті қайтарып алды

Қазақстанға жалпы сомасы 523 млрд теңге болатын активтер кері қайтарылды, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

«Мемлекетке жалпы сомасы 523 млрд-тан астам теңгеге келтірілген залал өтеліп, активтер қайтарылды, атап айтқанда:

  • қылмыстық істерді тергеп-тексеру аясында мемлекетке шамамен 518 млрд теңге, оның ішінде шетелдік юрисдикциялардан — 173 млн АҚШ доллары өтелді;

  • прокурордың актілері бойынша мемлекет кірісіне 5 млрд теңгеден астам сомаға 75 мың га жер қайтарылды;

  • 600-ден астам теміржол және оларға қатысты жер телімдері қайтарылды», — делінген хабарламада.

Кеңеске «Қазмұнайгаз» ҰК АҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және «QazaqGaz» ҰК» АҚ басшылары, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің, Энергетика министрлігінің, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басшылығы қатысты.

Бас прокуратура елімізде отын-энергетика кешені мен көлік нарықтарының монополияландырылғаны, бұл бәсекелестерге қолжетімділікті шектеу, соңғы өнімге жоғары маржаны белгілеу және артық кіріс алуға жағдай жасайтынын атап өтті.

Комиссия олигополия субъектілерінің монополиялық жағдайын белгілеуге және бәсекелестікті шектеуге әкеп соққан шешімдерге талдау жүргізуде.

«Квазимемлекеттік сектормен бірлесіп тауар нарықтарын монополиясыздандыру, ұлттық компаниялар мен оның еншілес құрылымдарының заңсыз шығарылған активтерін қайтару бойынша жұмыс іс-қимылдардың бірыңғай алгоритмін пайдалана отырып жүргізілуде», — делінген ақпаратта.

Добавить комментарий