Қазақстан: 24 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Синоптиктердің айтуынша, ертең еліміздің барлық аумағында ыстық болады. Батыс өңірлерін қоспағанда, еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы көтеріледі.

Қазақстанның батыс өңірінде ыстық басылады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды.

Нұр-Сұлтанда күн ашық, жауын-шашынсыз, жел 5 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 18-20 градус, күндіз 33-35 жылы болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 2-7 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы 20-22 градус, күндіз 35-37 ыстық болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 8-13 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 20-22 градус, күндіз 38-40 ыстық болады.

Ақтауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 22-24 градус, күндіз 29-31 жылы болады. Маңғыстау облысында кей жерлерде найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады.

Ақтөбеде күн бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел 9-14, екпіні 18 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 18-20 градус, күндіз 25-27 градус жылы болады. Облыс бойынша күндіз нөсер жаңбыр жауады, кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жауады.

Атырауда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел 7-12 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 20-22 градус жылы, күндіз 31-33 ыстық болады. Облыс бойынша кей жерлерде найзағай ойнайды.

Қарағандыда күн ашық, жауын-шашынсыз, 3-8 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 15-17 градус, күндіз 31-33 жылы болады.

Көкшетауда күн ашық, жауын-шашынсыз, 7-12 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 21-23 градус жылы, күндіз 35-37 ыстық болады. Ақмола облысының батысында 40 градусқа дейін аптап ыстық болады.

Қостанайда күн бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел 9-14 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы 20-22 градус, күндіз 28-30 градус жылы болады. Облыс бойынша кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін.

Қызылордада күн ашық, жауын-шашынсыз болады, жел 6-11 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 23-25 градус, күндіз 39-41 жылы болады. Облыс бойынша күндіз 43 градусқа дейін аптап ыстық болады.

Павлодарда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 16-18 градус, күндіз 32-34 ыстық болады. Павлодар облысында кей жерлерде 36 градусқа дейін аптап ыстық болады.

Петропавлда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 21-23 градус жылы, күндіз 33-35 жылы болады.

Талдықорғанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 17-19 градус жылы, күндіз 35-37 ыстық болады.

Таразда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 20-22 градус жылы, күндіз 39-41 ыстық болады. Облыстың басым бөлігінде 41 градусқа дейін аптап ыстық сақталады.

Түркістанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 8-13 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 22-24 градус, күндіз 40-42 ыстық болады. Облыстың басым бөлігінде 40-43 градусқа дейін аптап ыстық болады.

Оралда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 17-19 градус, күндіз 28-30 градус жылы болады. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.

Өскеменде күн бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел 5-10 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 16-18 градус жылы, күндіз 30-32 ыстық болады. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін.

Добавить комментарий