Қазақстан: 2022 жылғы 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2022/12/speech-44554-1671082279-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

Қазақстан аумағының басым бөлігінде, бүгін, 2022 жылғы 15 желтоқсанда, бейсенбі күні антициклонның ықпалында болады. Соған байланысты ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Еліміздің шығысында, солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында атмосфералық фронталдық бөліктердің өтуімен жаяу бұрқасын соғады, қар жауады, оңтүстік-батыста жауын-шашын жауады, деп хабарлайды «Қазгидромет».

15 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде көктайғақ болады.

Қызылорда облысының орталығында күндіз көктайғақ болады, солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Қазақстанның ірі қалаларындағы ауа райы

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыс бағыттан соғаттын желдің жылдамдығы түнде 3-8 м/с, күндіз 7-12 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 22-24, күндіз 12-13 аяз болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 0-2 аяз болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан 2-7 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 6-8 аязда, күндіз 3-5 жылы болады.

Добавить комментарий