Қазақстан: 2021 жылғы 9 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер 2021 жылғы 9 қарашаға арналған ауа райы болжамын айтты.

Ел аумағында көшпелі бұлт шығады, еліміздің батыс өңірлерінде жаңбыр жауады, сондай-ақ тұман түседі, кей жерлерде көру қабілеті 100 метрге дейін төмендейді. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстік-шығысқа ауысып, 4-14 м/с жылдамдықпен соғады.

Солтүстік және орталық облыстарда түнде ауа температурасы −5…−2°С, күндіз +3… +6°С болады.

Еліміздің батысында ауа температурасы түнде −2… + 10°С, күндіз термомет бағамы +7… +15°С шамасында болады.

Еліміздің шығыс бөлігінде түнде −9… −4°С болады, күндіз ауа температурасы +4… +6°С дейін көтеріледі.

Республиканың оңтүстігінде түнде −3 +2°С болады, күндіз ауа температурасы +8… +12°С дейін жылиды.

Добавить комментарий