Қазақстан: 2021 жылғы 15 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Қазгидрометтің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болмайды. Бірқатар өңірлерде дауылды ескерту жарияланды.

Батыс, солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерде циклон жырасы әсерін сақтайды — жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, көктайғақ, төменгі бұрқасын күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде тұман, жел күшейеді.

Дауылды ескерту

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел кей жерлерде екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Түнде облыстың шығысында жаяу бұрқасын болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел кей жерлерде екпіні 15-20 м/с жетеді.

15 ақпанда күндіз Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады деп күтіледі. Кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей жерлерде екпіні 25 м/с жетеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

15-17 ақпанда Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

15-17 ақпанда Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Аймақтардағы ауа райы

Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі, басым бөлігінде желдің күшеюі 15-20, кей жерлерде екпіні секундына 25 метр жетеді.

Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын күтіледі, жел секундына 15-20 метр күшейеді.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, түнде Атырау облыстарында кей жерлерде тұман, Павлодар облысында – көктайғақ, Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің 17-22 м/с күшеюі, күндіз Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Ірі қалалардағы ауа райы

15 ақпанда Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады, қар аралас жаңбыр жауады. Күндіз 0, + 2 градус, түнде термометр бағандары минус 3-5 градусқа дейін төмендейді, көшпелі бұлт шығады. Желдің жылдамдығы секундына 7-12 метрге дейін жетеді.

Алматыда күндіз жауын-шашынсыз болады. Күндіз ауа температурасы + 6.. + 8°C, түнде минус 1-3 градусқа дейін жылынады. Желдің жылдамдығы секундына 0-5 метр.

Шымкентте күндіз 18-20 градус нөлден жоғары, түнде +5 +7°C болады деп күтілуде. Жауын-шашын болмайды, желдің жылдамдығы секундына 8-13 метрге дейін жетеді.

Добавить комментарий