Қазгидромет 2021 жылғы 14 сәуірге арналған ауа райы болжамын хабарлайды. Еліміздің барлық аумағында жауын-шашынсыз, тек оңтүстік және оңтүстік-батысында найзағай ойнап, нөсер жауын жауады.
Қазақстанның басым бөлігі бұрынғысынша антициклонның ықпалында болады, соған байланысты еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. ҚР-ның оңтүстік және оңтүстік-батысында ғана атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстік және оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады деп күтілуде, — деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі, түнде және күндіз 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл болжанады, желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Жамбыл, Түркістан облыстарының, Алматы облысы Жаланашкөл ауданының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл облысының кей жерлеріне тұман түседі.
Ақмола, Қостанай, түнде Павлодар облыстарында тұман болжанады. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с күшейеді, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлеріне түнде және таңертең тұман түседі.