Қазақстан: 20 мамырға арналған ауа райы болжамы

Қазақстан бойынша 2022 жылғы 20 мамырға арналған ауа райы болжамы жарияланды. Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды.

Нұр-Сұлтағада және Қазақстанның жеті өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

20 мамырда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с.

Петропавл қ: 20 мамырда найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с.

20 мамырда Ақмола облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20, солтүстігінде кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.

Нұр-Сұлтан қаласы: 20 мамыр күні күндіз шаңды дауыл болады. Оңтүстік-батыстан таңертең жел соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

20 мамырда күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда қаласы: 20 мамырда төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз 20 мамырда Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында қатты жаңбыр, батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Орал қаласы: күндіз 20 мамырда найзағай күтіледі.

Күндіз 20 мамырда Маңғыстау облысының солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.

Ақтау қаласы: күндіз 20 мамырда найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Добавить комментарий