Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды. Бұл бірнеше облыстың аумағында қатты жел соғады деп күтілуіне байланысты.
Синоптиктер елорда мен Қазақстанның 8 облысының тұрғындарын ауа райы нашарлайды деп ескертті.
Қостанай облысының солтүстігінде 3 градус үсік жүреді деп күтілуде. Күндіз оңтүстікте күн күркіреп, жел соғады.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, жел соғады.
Қызылорда облысында найзағай ойнап, жел соғады, төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысында 25 м/с жылдамдықпен соғады, дауылды ескерту жарияланды.
БҚО-да топырақтың бетінде үш градус үсік жүреді.
ШҚО-да найзағай ойнап, жел соғады, төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының аумағында екпінді жел соғады.
Қарағанды облысында жел мен төтенше өрт қаупі болжанып отыр.