Қазақстан: 17-19 наурызға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер Қазақстанда алдағы күндері, 17-19 наурыз аралығында еліміздің солтүстігінде күн аязды болады, ал оңтүстікте жауын-шашынды болатынын айтты.

Қазгидромет 17-19 наурыз аралығында Қазақстан бойынша ауа райы қандай болатынын жариялады.

Алдағы үш тәулікте Қазақстанның солтүстік жартысы Солтүстік-Батыс антициклонның ықпалында болады, осыған байланысты аязды, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде термометр бағандары 20…28 аязға дейін жетеді.

Елдің оңтүстік жартысына оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді, жауын-шашын, кейде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), желдің күшеюі, көктайғақ және ауа температурасының күндіз 0…10 жылуға дейін, түнде 0…10 аязға дейін төмендеуі күтіледі.

Республика бойынша тұман болжанады.

Добавить комментарий