Қазақстан: 16 қыркүйекте найзағай ойнап, қатты жел соғады

Синоптиктер ертең қазақстандықтарды қандай ауа райы күтіп тұрғанын айтты. Болжамға сәйкес, ертең Қазақстан аумағында:

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с жетеді. Петропавлда күндіз найзағай ойнайды, оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа қарай 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Қарағанды облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында топырақ бетінде екі градус үсік жүреді. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының солтүстік-батысында, күндіз басым бөлігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстік-батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Көкшетауда таңертең және күндіз найзағай ойнайды, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында оңтүстік, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысында батыстан, солтүстік-батыстан, күндіз оңтүстік-шығыстан, шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Добавить комментарий