Қазақстан: 12 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Бүгін, 12 қараша бейсенбі күні Қазақстанда синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігіне ауа райы Салехард аймағынан келетін циклон анықтайды. Сол себептен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.

Республика бойынша кей жерлерде жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады деп күтіледі, — делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с, оңтүстік-батыста 30 м/с және одан да асып кетеді.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Түркістан облысының кей жерлеріне тұман түседі, жел 15-20, таңертең және күндіз 23-28 м/с күшейеді.

Павлодар, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20, Павлодар күндіз екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, күндіз жел 15-20 м/с жетеді.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын күтіледі.

Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ болады, таңертең және күндіз 15-20 м/с жел соғады.

Алматыдағы ауа райы болжамы: күндіз 10°С, бұлтты болады.

Нұр-Сұлтанда ауа райының болжамы: күндіз -4°С, бұлтты, қар жауады.

Добавить комментарий