Коронавирустық инфекция жұқтырған балалардың көпшілігі қашықтықтан оқыған. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері коронавирустық инфекциясын жұқтырған 104 оқиға тіркелген. 33 бала кезекші сыныптар, 74 бала қашықтықтан оқыды.
«550 адам байланыста болды, олардың ішінде жеті жағдай анықталды. 71 жағдай қашықтықтан оқитын балалар арасында анықталды. Оның ішінде байланыста болған 240 адам тіркеліп, 15 жағдай анықталды», — деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР Үкіметінің отырысында.
Оның айтуынша, оффайн-режимде жүз пайыз оқыған жағдайда байланыста болғандардың саны кем дегенде 1 500 адамға дейін өскен болар еді.
«Бұл оқушылар, мектеп қызметкерлері мен отбасы мүшелері арасында аурудың таралуына әкеп соғар еді», — деп атап өтті министр.