Қазақстан: 10 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Ертең, сәрсенбі, 10 қараша күні Қазақстанда көшпелі бұлт шығады деп күтіледі.

Еліміздің солтүстік және батыс облыстарында жаңбыр жауады, солтүстіктің жекелеген аудандарында ылғалды қар жауады, жолдарда көктайғақ пайда болады. Оңтүстік-батыстан, солтүстік-батыстан 5-11 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 19 м/с жетеді.

Солтүстік және орталық облыстарда түнде −3… + 1°С болады, күндіз ауа температурасы + 2… +6°С болады деп болжанады.

Еліміздің батысында ауа температурасы түнде −4… +8°С, күндіз термометр бағамы + 4… +15°С көрсетеді.

Еліміздің шығыс өңірінде түнде −7… −3°С болады, күндіз ауа температурасы + 4… + 8°С дейін жылиды.

Республиканың оңтүстігінде түнде −3 + 2°С болады, күндіз ауа + 8… + 12°С дейін жылынады.

Добавить комментарий